«Күзгі мереке»

Златополье орта мектебінде 25-қазанда бастауыш сыныптарға арналған «Күзгі бал» ертеңгілігі өтті. Ертеңгілікке балалар өз өнерлерін ортаға салып, сайыстарға белсене қатысты. Әр сынып өздерінің дайындаған  өнерлерін    көрсетіп шықты. Жүргізушілер 4-сыныптың оқушылары  Ақмұратов Құдайберген, Бекжанова Диана, Клишина Милана өздеріне берілген міндеттерін ойдағыдай орындап шықты.                                                                Ертеңгілікте күз туралы әндер, тақпақтар айтылып,жұмбақтар жасырылып, билер орындалып, ойындар өткізілді. Күзгі киім сайысында оқушылар өздерінің қолдан жасалған киімдерін киіп ортаға шықты. «Күзгі киім» үлгісін көрсетуде жеңімпаздар таңданылып алынды. Күз ханзадасы Ақмұратов Бағдаулет, күз ханшайымдары Кулемина Алена, Тесленко Валентина.  Мерекелік кеш балаларға ұнады.

Ертеңгіліктің аяғында әділқазылар алқасы жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырды.

Автор: Абдижаппарова А.А.
Просмотров: 79
Дата создания: 29 октября 2013 г.
Дата редактирования: 29 октября 2013 г.